13 жел, 2022 сағат 10:25

Қызылордалық әйел көпірден секіріп қаза болды


Қызылордалық тұрғын көпірден секіріп қаза болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"12 желтоқсан сағат 21:50 шамасында Қызылордада "102" арнасына Қазбек би мен Қазантаев көшелері бойында орналасқан аспалы көпірден әйел секіріп кетіп, суицид жасамақ болғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында, азаматшаның қаза болғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.