03 қыр, 2018 сағат 07:14

Қызылордалық ауыратлеттер ел біріншілігінде топ жарды

Илья Ильин, Александр Зайчиков, Рүстем Сыбай, Әсем Садықова және Азамат Төлеген облыс құрамасын жеңіске жеткізді. Ауыр атлетикадан Талдықорғанда өткен ҚР чемпионатында қызылордалық құрама 5 алтын, 2 күміс жəне 1 қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есеппен бірінші орынға шықты.

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ерлер мен əйелдер арасында ҚР чемпионаты өтті. Дүбірлі додада Қызылорда облысының ерлер құрамасы табысты өнер көрсетіп, 360 ұпаймен командалық есепте 1-орынды жеңіп алды. 

Облыс қоржынында – 5 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль.

Қызылордалық Александр Зайчиков (109 кг), Илья Ильин (102кг), Рүстем Сыбай (96 кг), Әсем Садықова (64 кг), Азамат Төлеген (61кг салмақ дәрежесінде) чемпионатта алтын медальға ие болды.

Екі жыл бойы жарысқа қатысу құқығынан айырылған Илья Ильин жаңа 102 кг салмақ дәрежесіндегі алғашқы жеңісіне жетіп, тағы да жанкүйерлерін қуантты.

Сондай-ақ, 26 жастағы Александр Зайчиков 109 келі салмақта Қазақстан рекордын жаңартты, екі жарыстың қорытындысы бойынша 387 кг көтерді.

Құраманың нәтижелерін назарларыңызға ұсынамыз.

Чемпионат жеңімпаздары:
61 кг. Азамат Төлеген - 227 (99+128)
64 кг. Əсем Садықова - 228 (101+127) 
96 кг. Рүстем Сыбай - 378 (171+207)
102 кг. Илья Ильин - 380 (172+208)
109 кг. Александр Зайчиков - 387 (175+212)

Күміс жүлдегерлер:
67 кг. Бексұлтан Айтбай - 256 (106+150)
102 кг. Əлішер Оразбек - 290 (130+160)

Қола жүлдегерлер:
96 кг. Нұржан Кеңесбек - 326 (142+184)

Жалпы командалық есепте ерлер құрамасы:
1-орын. Қызылорда облысы (360 ұпай)
2-орын. Алматы облысы (243 ұпай)
3-орын. ШҚО (232 ұпай)

Спортшылар қараша айында Ашхабадта өтетін Əлем чемпионатына қатысатын болады.