11 мам, 2022 сағат 12:56

Қызылордада үш адамды атып өлтірген күдіктілер ұсталды - видео


Қызылордада адам өліміне қатысы бар алты күдікті ұсталып, төртеуіне іздеу жарияланды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

7 мамырда Қызылорда қаласында атыс болды. Осы дерекке байланысты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, алты күдікті ұсталып, қамауға алынды. Төрт күдіктіге қатысты іздеу жарияланған.


– Оқиға болған жерді тексеру барысында және күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан бес қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрі, есірткі және жеті автокөлік айғақ зат ретінде алынып, тиісті сараптамалары тағайындалды. Барлық қатысушының жеке басы анықталып, жәбірленуші тараптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар негізінде сегіз қылмыстық іс, яғни адам өлтіру бойынша – 2, бұзақылық бойынша – 2, қарудың заңсыз айналымы бойынша 3 іс және есірткінің заңсыз айналымы бойынша бір іс тіркелді, – деді Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Қазіргі таңда, қылмыстық істің мән-жайы жан-жақты, толық және объективті түрде тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Еске салайық, бұған дейін Қызылордада атыстан үш адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілгені хабарланған еді. Қайғылы оқиға 7 мамыр кешке болған.