Айтуынша, сотталушы 10 күн бойы ауырған, қан құсып жөтелген. Ал 21 наурызда ер адам қайтыс болған. Бұл туралы оған марқұмның әйелі хабарлаған.
"Оған қандай ем жасалды? Флюрография жасалды ма? Неге дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеді? Тергеу изоляторындағы басқа адамдар да суық тиюмен ауырады дейді. Неге дезинфекция жасамайды? – деп жазды Тоқтар Мырза.
Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Бұл азамат ҚР ҚК-нің 120-бабы (3-б, 1-т.) бойынша айыпталып, 2021 жылы 30 қыркүйекте Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/1 мекемесіне (тергеу изоляторына) келген.
Мекемеге келген күні ол толық медициналық тексерістен өткізіліп, флюорографияға түсірілген. Нәтижесі бойынша өкпе ауруына шалдығатыны анықталмаған. Бұның бәрі мекеменің бейнекамераларына тіркелген", - деді ведомствоның баспасөз орталығы.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 және 21 наурызда тергеу-қамауындағы азамат денсаулық жағдайына байланысты терапевт-дәрігерінің қабылдауында болған, ол тексеріс нәтижесі бойынша ем-шаралар алған.
"Алайда денсаулығы нашарлап, мекеме әкімшілігінің бастамасымен дереу жедел жәрдем бригадасы шақырылған. Жедел өкпе-жүрек реанимациялық алғашқы көмек көрсетті. Алайда дәрігерлер қабылдаған шараларға қарамастан, науқасты құтқару мүмкін болмады. Аталған дерек ақпаратты есепке алу кітабында тіркеліп, қызметтік тексеру тағайындалды", - деп толықтырды өкілдік.