12 сәу, 2023 сағат 16:37

Қызылордада полиция бастығының орынбасары ұлының әрекеті үшін жазаланды

көрнекі сурет: gov.kz

Қызылордада баласы жасөспірімді ұрды деп айыпталған қалалық полиция басқармасы бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Биыл 7 наурызда Қызылорда қаласындағы "Тарлан" спорт кешенінде екі кәмелетке толмаған бала арасында жанжал шығып, салдарынан 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шекті. Сол кезде жоғары лауазымды полицейдің баласы оны ұрды деп айыпталған.

"Ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіргені үшін қалалық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасарына тәртіптік шара қолданылды - қатаң сөгіс. Бұл шенеуніктің Қызылордадағы "Тарлан" спорт кешені алдында жасаған әрекеті қоғам тарапынан қатаң сынға ұшырады және тәртіп сақшысына сай емес", - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Қызылорда полициясында осы оқиғадан кейін қалалық ішкі істер басқармасы бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары Елдей Сейілханға қатысты қызметтік тергеу басталды.

"ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша соталды тергеу басталды. Жаттықтырушыға қатысты қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелген ("Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау"). Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында 15 жастағы жасөспірім соққыға жығылған болатын. Әйтеке би кентіндегі мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушыларының бес оқушысы мектеп оқушысын соққыға жыққан.