Қызылордада жүргізуші полицейлерден қашпақ болған. Оқиға видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
11 тамызда түн ортасы кезінде патрульдік полиция экипажы Қызылорданың орталық көшелерінің бірінде жол ережесін бұзған УАЗ көлігін байқаған.
"Полицейлер тоқтатуды талап етті. Алайда жүргізуші бұған мән бермей, қозғалысты жалғастырып, жол жиегіне шығып кеткен", - деді полицейлер.
Тексеру барысында рөлде көлік құралын басқару құқығынан айырылған 46 жастағы қызылордалық болғаны белгілі болды.
"Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 3-1-бөлігі және 612-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", - делінген хабарламада.