Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
3 желтоқсанда Қызылорда қаласы Полиция басқармасының "102" арнасына белгісіз адамның мұз астындағы мәйіті жөнінде хабарлама түскен.
"Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу әрекеттері жалғасады" - делінген хабарламада.