04 мау, 2024 сағат 15:36

Қызылордада мұғалім әріптесін пышақтап өлтіргені белгілі болды

Сурет: Freepik

Қызылорда қаласында мұғалім әріптесін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Қазір күдікті адам қамауға алынған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға 1 маусымнан 2-не қараған түні болған. Екі адам арасындағы жанжал туындаған. Жанжал барысында бір адам пышақ жарақатынан қайтыс болған. 

Әлеуметтік желіде мұғалім әріптесін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінгені жөнінде айтылды.

Бұл жөнінде облыстық білім басқармасы түсініктеме берді.

«Қызылорда қаласында тіркелген оқиғаға қатысты екі мұғалім де биыл 31 мамырда еңбек демалысына шыққан. Оқиғаның мән-жайын құзырлы орган тергеуде», - деп атап өтті басқармадан.


Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Бұл бойынша сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп мәлім етті департаменттен.