03 мау, 2024 сағат 10:53

Қызылордада мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді


Фото: Pixabay.com


Қызылордада мектеп мұғалімі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Белгілі болғанындай, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.


"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, күдікті қамауға алынды, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", – деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.



Бұл оқиғаға облыстық білім басқармасы да түсініктеме берді.


"31 мамырда екі мұғалімнің де еңбек демалысына кеткенін хабарлаймыз, оқиғаның мән-жайын құзырлы орган анықтап жатыр", – деп толықтырды ведомстводан.