15 мам, 2017 сағат 08:47

Қызылордада бетон құбыры жұмысшылардың үстіне құлаған

14 мамырда кешкі уақытта Қызылордадағы жергілікті жылу электр станциясында түтін құбыры екі жұмысшының үстіне құлап кеткен. Зардап шеккендердің бірі Облыстық медицина орталығына жеткізілді, екіншісі қирандылар астында қалған. Бұл туралы kaz.tengrinews.kz ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды. 


"Қызылорда облыстық ТЖД жедел тобының техникасы мен қызметкерлері, Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының, облыстың Өрт сөндіру және апат-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері тартылды. Қазіргі уақытта 60 құтқарушы жұмыс істеп жатыр, оннан аса дана техника мен екі кинологиялық ит жұмысқа тартылған", - делінген хабарламада. 


15 мамырда түнгі уақытта жергілікті сағат 3.45-те Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы демонтаж бойынша жұмыс істеп жатып, қиранды астында қалған екінші жұмысшының мәйітін тапты