Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлаған үш жастағы сәби көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға 10 сәуір сағат 18:45 шамасында Қазалы ауданы Ғани Мұратбаев ауылында болған.
Ересектердің қадағалауынсыз қалған 2019 жылғы сәби абайсызда арыққа құлап кеткен.
«Төтенше жағдайлар қызметіне сәбидің арыққа құлап қкөз жүмғаны жөнінде ақпарат түсті. Мәйіт жергілікті тұрғындар күшімен судан шығарылған. Төтенше жағдайлар саласы мамандары оқиғаның мән-жайын анықтады», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен.