Қызылордада Қызылорда қаласында адам өліміне қатысты күдікті қолға түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қызылорда қаласы «Ақмешіт» мөлтек ауданында адам мәйіті табылған еді. Полиция қызметкерлері тәулік ішінде жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 44 жастағы облыс орталығының тұрғыны қолға түсті.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Онда адам өлтiру жағдайы көрсетілген. Күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.