03 қаз, 2022 сағат 11:38

Қызылорда облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, 5 адам қаза тапты


Қызылорда облысындағы Самара - Шымкент тасжолында қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, 3 қазанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Шымкент - Самара тасжолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан.


"Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша ("Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу") соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан 5 адам көз жұмып, 4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.