23 қаң, 2023 сағат 11:33

Қызылорда облысында жаппай төбелес болды

Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысы Қазалы ауданында белгісіз біреулер төбелес шығарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

22 қаңтар сағат 19:30-да Қазалы ауданындағы спорт клубының жанында ер адамдар арасында жанжал болған. Оқиға орнына шұғыл түрде полиция нарядтары мен жедел-тергеу тобы барған. Қабылданған жедел шаралар нәтижесінде төбелес тоқтатылып, полиция бөліміне 8 азамат жеткізілген. 

Зардап шеккендер жоқ. Полицияға шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

"Аудан аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың нарядтары күшейтілді. Профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аудандағы криминогендік жағдай тұрақты" - дейді Қазалы ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ғанибек Құрманалиев.