09 қаз, 2024 сағат 10:10

Қызылорда облысында өзінен кіші баланы ұрып өлтірген оқушы 6,5 жылға сотталды

Фото: Freepik.com

Қызылорда облысында 9-сынып оқушысының кеуде тұсынан ұрып өлтірген 10-сынып оқушысына қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Қазіргі таңда жоғары сыныптың екі оқушысы сотқа тартылды. Оларға Қылмыстық кодексінің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" және "Бұзақылық" деген айып тағылды.

Шиелі ауданы Қодаманов ауылының 10-сынып оқушылары 9-сынып оқушыларын сыйластық танытпады деген сылтаумен оларды жазаламақ болған. Сотталушылардың бірі тізіліп тұрған өзінен кіші балалардың бетінен ұрған.

"Сотталушы К жәбірленушінің кеуде тұсынан жұдырығымен қатты ұрған. Жәбірленушінің жүрегі рефлекторлы тоқтап, нәтижесінде ауыр дене жарақатынан мерт болды", – делінген сотта.


Сот шешімімен кәмелетке толмаған қаскөй 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ал бұзақылық жасағаны үшін екі сотталушы да тараптардың татуласуына байланысты жазадан құтылып кетті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.