Фото: Polisia.kz
Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 жылы туған сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"ҚР ҚК-нің 135-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды" - делінген ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында.