©Sputnik / Елена Бережная
9 тамызда Қызылорда облысының Жалағаш ауданында мал іздеуге кетіп, із-түссіз жоғалған ер адамның денесі арнадан табылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Куәгерлер оны соңғы рет бейсенбі күні сол маңнан 15 шақырым жерде көрген.
"Бүгін Жалағаш ауданында таңертең сағат 08.10-да 1950 жылы туған азаматты іздеу басталды. Ол 9-ы күні Жалағаш ауданындағы шаруашылықтан шығып, қайтып оралмаған", - деп хабарлады Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Іздеу жұмыстары Мәдениет ауылынан төрт шақырым жерде басталды. Оған кәсіби құтқарушылардан бөлек, 10 техника мен 100-ге жуық жергілікті тұрғын, полиция, кинологиялық бөлім, жоғалған адамның туыстары қатысқан.
"Сағат 10.05-те 15 шақырым жердегі суару каналынан тұрғынның денесі табылып, судан шығарылды", - дейді төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр.