28 сәу, 2022 сағат 15:40

Қызылорда қаласының жаңа әкімі тағайындалды


Асылбек Шәменов Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалды. Облыс басшысы Нұрлыбек Нәлібаев актив отырысында қаланың жаңа әкімін таныстырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Облыс әкімінің өкімі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Қызылорда қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Асылбек Шәменов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Асылбек Өмірбекұлы 1978 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық туризм», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай-газ кен орындарын игеру» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қызылорда интеграция» компаниясының менеджері ретінде бастаған.

2007-2012 жылдары облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларында жауапты қызметтер атқарған.

2012-2018 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2018 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымын атқарып келді. 2020 жылдың наурыз айынан Жалағаш ауданы әкімі қызметінде болды.

Бұған дейін қала әкімі қызметін атқарған Ғанибек Қазантаевтың өз өтінішіне сәйкес Қызылорда қаласының әкімі лауазымынан босатылды.