24 қар, 2022 сағат 15:48

Қыздарды кемсіткен стендаперге қатысты тексеріс басталды


Алматыдағы барлардың бірінде стендапер қыздарды жезөкшелер деп айыптап, оларды балағат сөздермен кемсітті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Видеода ол қыздарды келемеждеп, сұрақтарына дұрыс жауап бермей, "сенің анаң да жезөкше, басың дұрыс істемей ме?" дейді. 

Бұған дейін стендап-комик Twitter-парақшасында әйелдерге қатысты ойға қонымсыз жазбалар жариялаған. Тіпті бір қызға "жезөкшесің" деп жауап берген. Ал қазір оның парақшасы бұғатталған. 

Полиция қызметкерлері бұл іске қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

"Алматы Полиция департаменті қазір бұл іске қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша істің мән-жайын анықтап, ҚР заңнамасына сәйкес шешім қабылданатынын хабарлайды. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады", - делінген хабарламада.