19 мау, 2024 сағат 09:28

Қыз зорлау ісі бойынша ақталып шыққан блогер қайта сотталды

Cурет: Instagram.com

Сот қыз зорлады деп айыпталған блогер Думан Ерханатқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды. 

Бұған дейін бірінші сатыдағы соттың үкімімен Ерханат қылмыстық кодекстің “зорлау” бабы бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың үкімін бұзып, блогерді ақтап алған.

"Қылмыстық іс материалдарын зерделеу барысында Ерқанаттың кінәсі дәлелденді. Қорғаушының уәждері жиналған дәлелдемелермен жоққа шығарылды", – делінген жоғарғы соттың хабарламасында.


Осыған байланысты кассациялық алқа ақтау үкімін бұзып, бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Еске салсақ, бұған дейін блогер қыз зорлағаны үшін  сотталып, жәбірленушіге талап арызы үшін 3 миллион 117 мың теңге төлеуге міндеттелді және бес жылға бас бостандығынан айырылған еді.