Фото: kaktus.media
Қырғызстанда қыз сүйісу кезінде жігіттің тілін тістеп, жұлып алған. Бұл туралы Ult.kz Kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 8 қарашада болған. Қырғызстанның Жалал-Абад облыстық клиникалық ауруханасының директоры Кумар Ботокараев бұл оқиғаны растады.
«Жігіттің тілінің ұшы мен төменгі ернінің бір бөлігі тістеліп кеткен. Науқасқа ота жасалып, зақымданған жерлері тігілді. Қазір ол жақ-бет хирургиясы бөлімінде ем қабылдап жатыр. Тілі қалпына келуі мүмкін. Мұндай жарақаттар әдетте эпилепсия кезінде болады, ал сүйісу кезінде — менің тәжірибемде алғаш рет кездесіп отыр», — деді Ботокараев.
Ішкі істер басқармасы бұл факт Манас аудандық ІІБ-нің қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне тіркелгенін және тексеру басталғанын хабарлады.
«Тергеу барысында 1999 жылы туған С. уулу Н. есімді жігіттің А. Ж. есімді (2006 жылы туған) қызбен кездесіп жүргені анықталды. Оқиға болған күні олар досының үйлену тойына бірге қатысып, спирттік ішімдік ішкен. Сүйісу кезінде А. Ж. жігітті тістеп алып, оның төменгі ерні мен тілін жарақаттаған. Сондай-ақ, оқиғаға қатысқан екі тараптың да ақыл-есі дұрыс, психикалық ауытқулары жоқ екені анықталды», — деп хабарлады милиция.
Қазіргі уақытта Манас аудандық ІІБ-нің тергеу қызметі С. уулу Н.-ға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындады, тергеу шаралары жалғасуда.
