Қытай шекарасынан өте алмай шаруасы тұралап қалған отандық тауар тасымалдаушылардың мәселесі қалай шешіліп жатқаны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында тілші «Қазақстандық тауар тасымалдаушылар Қытаймен шекарада тұрып қалды. Оларды шекарадан өткізбей жатыр, себебі неде және мәселе қалай шешілмек?» деген сауал қойылды.
Бұл сұраққа ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев жауап берді.
«Қытаймен шекарадағы жағдай аса маңызды. Иә, біз мәселенің барын көріп отырмыз. Және ол коронавируспен байланысты, пандемияның салдарынан Қытай шекарасын жауып, тауар алмасуды тоқтатып жатыр. Тауарды шекарадан өте қатаң тәртіппен өткізіп жатыр, осы себепті тасымалдаушылар шекарада тұрып қалуда. Осы орайда отандық бизнеске қолдау көрсетіп, шекарадағы мәселені шешу мақсатында біз қытайлық серіктестермен келісім жүргізіп жатырмыз. Яғни шекара арқылы тауар тасымалы прецесін жеңілду үшін. Індеттің беті қайтпайынша Қытайдың шекарасын ашуы екіталай», - деді Ержан Қазанбаев.
Оның айтуынша, эпиджағдай реттелсе, Қытай мемлекеті өз шекарасын аша бастайды.