Шығыс Қазақстан облысындағы «Бақты» кеден бекетінде 11,5 млн теңгеге бағаланған контрафактілік көлік бөлшектері мен ноутбуктерге арналған қуаттағыштар тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, наурыз-сәуір айларында «Бақты» кеден бекетінде Қытайдан әкелінген тауарларды бақылау барысында контрафактілік өнімдер табылды.
«Зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген тауар белгілері бар контрафактілік өнімді кіргізудің 5 фактісінің жолы кесілді. Атап айтқанда, бұл «Hyundai», «Toyota», «Nissan» маркалы көліктердің ауа фильтрлары және ноутбуктерге арналған қуаттағыштар», - делінген ақпаратта.
Белгілі болғандай, осының салдарынан тауарлардың авторлық құқық иелеріне келтірілген жалпы шығын мөлшері 11,5 миллион теңгеден асып отыр.