Қытайдың Хэцзинь қаласының әкімшілігі Екібастұздағы көмірді зерттеуге бел буды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бүгін Екібастұзға былтыр "бауырлас" қала болған Қытайдың Хэцзинь қаласынан делегация келді. Сол кезде екі қала арасындағы жан-жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған еді. Анықталғандай, Екібастұздағы көмір осы отын түрін қайта өңдеумен айналысатын «Янгуан» корпорациясының қызығушылығын тудырған.
«10 миллион тонна көмірден 5 миллион тонна кокс алуға болады. Көмір шина өндіруге, аэроғарыштық өнімдер өндіру үшін қолданылады», - деп атап өтті Хэцзинь қаласы мэрінің орынбасары Хэ Хонглинг.
Қытайдан келген делегация көмір разрездері мен басқа да кәсіпорындарды аралады.
Сондай-ақ, қалалық әкімдікте Екібастұз әкімі Қайрат Нүкеновпен кездесу өтіп, екі қаланың басшылары сауда, экономика, мәдениет және спорт салаларындағы өзара әрекеттестік туралы келісім жасаған.