17 қаз, 2022 сағат 16:24

Қытайдың үш автокөлік бренді Қазақстанда зауыт ашуға ниетті

Фото:elements.envato.com

"Астана Моторс" Қазақстанда зауыт ашқысы келетін Қытайдың үш автокөлік брендімен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Астана Моторс" қазір Қытайдың үш ірі компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Қытайдың ең танымал брендтері осында "Астана Моторспен" бірге зауыт ашып, локализация жасамақшы. Халықтың автокөлікке деген сұранысы біздің автоөнеркәсіптің дамуына мүмкіндік береді", - деді Өскенбаев.

Журналистер министрге жеңілдетілген автокөлікті несиеге алу кезегі үш мыңға жеткенін айтты.

"Бұл өте жақсы, өйткені қазір бізде автокөлік өндірісі ұлғайып жатыр және тұрғындардың отандық көліктерге сұранысы жоғары, өндіретін көліктердің көлемін одан әрі арттыруымыз керек", - деп түсіндірді министр.