05 ақп, 2020 сағат 17:18

Қытайдан келген ақтөбеліктер арасынан коронавирус анықталмады

Ақтөбеліктер Қытайда біліп алып жүрген балалары үшін алаңдап отыр. Қала әкімі Мавр Абдуллиннің есеп беру кездесуінде коронавирустың анықталмағанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәбит Ескендіровтің айтуынша, Ақтөбе дәріханаларында 90 мыңға жуық, ал қоймада 76 мыңнан астам медициналық бетперде бар. Өңір тағы 101 мың бетпердегі тапсырыс беріп қойған.

¤«6 қаңтардан бері Қытайдан Ақтөбеге 571 адам келген. Олардың алтауында қызуы көтеріліп, дәрігерге жүгінді. Сараптама қорытындысына сай олардан жұқпалы дерт анықталған жоқ. Өңірде осы жағдайға байланысты арнайы штаб құрылғаны белгілі. Алдын алу шарасы жан-жақты жүріп жатыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Еске салсақ, Ақтөбе облысы бойынша коронавирустың алдын алу жұмыстары халықаралық әуежайда өткені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.