17 жел, 2019 сағат 11:08

Қытайда шахтадағы жарылыстан 14 адам қаза тапты

Қытайда көмір шахтасындағы жарылыстан 14 адам қаза тапты, - деп хабарлайды ҚазАқпара» Синхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдың Гуйчжоу провинциясының оңтүстік-батысында көмір шахтасында көмір мен газ қопарылып, салдарынан он төрт кенші қаза тапты, тағы екеуі жер астында қалып қойды.

Синхуа агенттігінің хабарлауынша, көмір мен газ қопарылысы сейсенбі күні түнгі сағат 01:00 шамасында 23 шахтер жер астында жұмыс істеп жатқан кезде болған. Жеті жұмыскер қауіпсіз жерге шығарылған. 14 адам қаза болған, ал екеуі жер астында қалып қойған.

«Төтенше жағдай жарияланды, құтқару операциясы мен тергеу жалғасуда», - деп жазады Синхуа.