Бүгін, 15 желтоқсан күні, есірткі сатты деген айыпппен Қытайда өлім жазасына кесілген Қазақстан азаматы Үрімжіден елге жіберілді, деп жазды ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында.
Сотты азаматты Қазақстанға беру процесін Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі, ҚР Бас прокуратурасы және Қытай Әділет министрлігі ұйымдастырды.
Алматы облысында 1989 жылы туған азаматты қытайлық құқық қорғау органдары Гуаньдун провинциясының Гуанчжоу қаласында 2009 жылы есірткі тасымалдады деген айыппен ұстаған болатын. Ол өлім жазасына кесіліп, үкімді орындау мерзімі 2 жылға шегерілген, ал 2011 жылы үкім өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.
Қазақстандық дипломаттар мен ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері сотталған азаматтарды Қазақстанға қайтарып, жазасын елімізде өтеуі бойынша Қытай тарапымен көптеген жұмыстар жүргізді.
Ағымдағы жылы Қытайдан Қазақстанға тағы да 4 азамат, ал 2015 жылғы тамыздан бері 15 сотталған азамат қайтарылды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратурасы осы қызметті басқа елдерде де жүргізіп келеді.