11 сәу, 2021 сағат 17:10

Қытайда коронавирусқа қарсы 160 млн доза вакцина егілді

Қытайда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 161 млн дозасы егілді. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитеттен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Соңғы деректерге сәйкес, Қытайда COVID-19-ға қарсы вакцинаның барлығы 161,12 млн дозасы салынды. 

Сонымен қатар сенбі күні Қытайдың құрлықтық бөлігінде коронавирус жұқтырудың жергілікті оқиғалары тіркелмеді. Жексенбі күні таратылған ведомство есебіне сәйкес, анықталған барлық 10 жаңа оқиға шетелден әкелінген.

Бұған дейін коронавирустың жергілікті ошағы ретінде тіркелген Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясы Жуйли қаласында тұрғындарды COVID-19-дың нуклеин қышқылдарына тестілеудің үшінші кезеңі басталды. Екінші кезең нәтижесі бойынша 380 мың сынаманың 18-і оң болып шықты.

Соңғы деректерге сәйкес, Юньнань провинциясының ауруханаларында коронавирус расталған – 88 және симптомсыз – 39 науқас емделуде немесе медициналық бақылауда жатыр.