19 жел, 2018 сағат 11:55

Қытай қалаларында Рождество мейрамын тойлауға тыйым салынуда

Қытай қалаларының бірінде жергілікті билік Рождествоны тойлатуға тыйым салды. Енді Ланфанда рождестволық шыршалар, санта-клаустар мен мерекелік басқа да сувенирлермен көшені сәндеуге болмайды. Бұл жөнінде Today.kz порталы хабарлайды.

Хэбэй провинциясындағы Ланфан қаласының билігі Рождествоны тойлауға, яғни, мерекелік атрибутакины қолдануға, жаппай сатылымдар өткізуге, көшеде қойылымдар ұйымдастыруға және «Рождество құрметіне қандай да бір шаралар өткізуге» тыйым салды.

Көшелерге рождестволық шырша, санта-клаустар мен мерекелік түрлі ойыншықтарды қоюға рұқсат болмағандықтан, қала тұрғындары өз терезелерінен барлық осы тектес заттарды алып тастауы керек.

Қала билігі, сондай-ақ, 23-25 желтоқсан аралығында құқық қорғау органдарының барлық штаты көше мен қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылау үшін жұмыс орындарында болуын талап етті.

Айта кету керек, католиктік мереке саналатын Рождество Қытайда ресми түрде тойланбайтынына қарамастан, рождестволық атрибутика Бейжің мен қытайлық басқа да ірі қалаларда тыйым салынбай келген құбылыс болатын.

baq.kz