24 қаң, 2017 сағат 10:56

Қытай Ресеймен шекаралас аумақтарға құрлықаралық ракеталарын қойды - БАҚ

"Дунфэн-41" (Dongfeng-41, DF-41) қытай құрлықаралық ракеталар бригадасының бірі Ресеймен шекаралас Хэйлунцзян елді мекенінде орналастырылған болуы мүмкін. Бұл туралы РИА Новости Гонконгтың "Пинго жибао" (Apple Daily) газеті Интернетте пайда болған кешеннің суреттеріне сілтеме жасап хабарлаған.

Қытайдың Халық-азаттық армиясының "Дунфэн-41" ракеталары бар үш бригаданы орнататыны хабарланып отыр. Бөлімшелердің бірі Хэнань орталық провинциясындағы Синьян қаласында екен. Ракеталардың шекараға қойылу себебі айтылмайды.

Ал екінші бригада Хэйлунцзян провинциясындағы Дацин қаласында, үшіншісі Қытайдың солтүстік-батысындағы Ұйғыр ауданында орналасқан Синьцзян қаласында орнатылуы тиіс болған делінеді. Айта кетейік, "Дунфэн-41" ракетасының ұшу қашықтығы 14 мың шақырымға жетеді.