Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
"Елімізде эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деңгейде. Сонда да адамдар көп жиналатын жерлерде маска тағуға кеңес береміз.
Қазір Қытайда «омикронмен» науқастану көлемі артып жатқанын білесіздер. Бірқатар Еуропа елдерінде сырқаттану деңгейі өсіп отыр. Сондықтан елдегі жағдай тұрақты болғанына қарамастан, шекара маңайында шектеулер сол күйінде қалып отыр. ПТР-тест қорытындысынсыз, вакцинация паспортынсыз тек өз азаматтарымыз ғана емес, шетелдіктер де ел аумағына кіре алмайды" - деді ол.