28 қаз, 2021 сағат 16:44

Қытай Қазақстаннан қабылдайтын пойыз санын көбейтті


Қазақстан-қытай шекарадағы жағдай бойынша кеңес өтті. Оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қытай темір жолы», «Үрімші темір жолы» ЖШҚ және ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолына» сілтеме жасап хабарлайды.

«Кездесу барысында қытайлық тарап Қытайдан Қазақстанда тоқтап тұрған импорттық контейнерлерді жөнелтуді жеделдету ниетін растады. Жүктердің жартысын ағымдағы жылы қазан айының соңына дейін жөнелтуді жоспарланып отыр. Сонымен қатар 22 қазаннан бастап Қытай жүк қабылдауды тәулігіне 6-дан 8 пойызға дейін арттырса, негізінен көрші елге металл кендері, түсті металдар, кокс жөнелтілді», - делінген компания хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою мақсатында ҚХР Үкіметі Достық-Алашанькоу және Алтынкөл-Қорғас шекаралық өткелдерінде алдын алу және бақылау шараларын күшейтті.