Қытайдың Оңтүстік технологиялық университетінің президенті және Қытай ғылым академиясының мүшесі Сюэ Цикунь Жердегі қазып алынатын энергетикалық ресурстар 50 жылдан кейін таусылатынын мәлімдеді. Бұл туралы The Paper басылымының мақаласында айтылған, деп хабарлады Sputnik "Парламентская газета" басылымына сілтеме жасап.
Ғалымның айтуынша, соңғы 250 жылда әлемде қазып алынатын энергия көздері өндірісінің ұлғаюына байланысты үш өнеркәсіптік революция болды.
Ғалым әлемдік экономиканың қазіргі даму қарқыны сақталған жағдайда алдағы жарты ғасырда көмірсутегі ресурстары сарқылады деп болжады.
Сондықтан ілгерілеудің қазіргі деңгейін сақтап қалу үшін ол үйреншікті қазба энергия тасымалдаушыларын баламалы энергия көздерімен алмастыруға шақырып отыр.
Атап айтқанда, Сюэ Цикунь ешқашан таусылмайтын күн энергиясы туралы сөз қозғады. Дәл осы жаңартылатын энергия көзі адамзаттың одан әрі дамуына негіз бола алады.
Сонымен қатар ол көмір мен табиғи газды сутегі отынымен алмастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Бұл салада сутекті судан алу процестеріне күнді пайдалану арқылы өзін-өзі қамтамасыз етуге болады.
Қытай ғалымы әлем зерттеушілері мен мамандары алдағы 30-50 жыл ішінде баламалы энергетикаға көшу мәселесін бірлесіп шешеді деп үміттенеді.