Бұрынғы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев "Ембімұнайгаз" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы компания сайтында хабарланды.
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының шешімі бойынша, Қырымбек Елеуұлы Көшербаев "Ембімұнайгаз" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор болып сайланды", - делінген хабарламада.
Көшербаев 1955 жылдың 20 мамырында Қызылорда облысында дүниеге келген.
Ол әр жылдары Премьер-министрдің орынбасары, баспасөз хатшысы және Президент баспасөз қызметінің жетекшісі болып қызмет атқарған еді. Одан бөлек, Көшербаев Білім, мәдениет және денсаулық министрі, Білім және ғылым министрі, БҚО, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының әкімі болды. Ал 2019 жылдан 2022 жылға дейін ҚР Мемлекеттік хатшысы болды.