Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Башқұртстанның халық жазушысы Мұстай Кәрімнің 100 жылдығына арналған іс-шараға қатысты, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Уфа қаласында өткен Башқұртстанның халық жазушысы Мұстай Кәрімнің 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрнекті жазушының жүзжылдық мерейтойына арнаған құттықтауын оқып, ықыласын жеткізді.