08 қаз, 2021 сағат 17:00

Қыркүйек айында баспана бағасы тағы қымбаттады


Қазақстанда өткен айда тұрғын үй бағасы тағы артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2021 жылғы қыркүйекте оның алдыңғы тамыз айымен салыстырғанда: 

- абаттандырылған тұрғын үйлерді алып-сату – 1%; 

- жаңа тұрғын үйлерді сату – 0,7%; 

- абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу бағасы 2,5% қымбаттады.

Статистикалық ақпаратқа сәйкес, 2020 жылдың желтоқсаны – 2021 жылдың қыркүйегі аралығында жаңа баспана бағасы – 11,7%, абаттандырылған үйлер – 18,2%, пәтерді жалға алу 14,1% өсті. 

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы өткен қыркүйек айында елімізде баспананы сату-сатып алуға қатысты 50 364 келісім жасалғанын хабарлаған болатын. Бұл, оның алдыңғы тамыз айына қарағанда 8,4% көп. 

Жалпы, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 97,4% артқан.