21 қаз, 2022 сағат 15:32

Қырғызстанда тағы екі банк ресейлік "Мир" картасын қабылдаудан бас тартты


Қырғызстанда тағы екі банк ресейлік "Мир" төлем картасына қызмет көрсетуден бас тартты, деп хабарлайды Азаттық.

Ақпаратқа қарағанда, "Азия банк" және "Қырғызстанның коммерциялық банкі" Ресейдің бірқатар банкімен әріптестікті тоқтатқан.

"Азия банктің" колл-центрі бір апта бұрын "Мир" картасын қабылдаудан бас тартқанын жеткізді. "Қырғызстанның коммерциялық банкі" "Мир" картасынан бас тартқанының себебін, Батыс елдері салған санкциямен байланыстырады.

Осыған дейін Қырғызстанның "Компаньон", "Дос-Кредобанк" және "Бакай банк" коммерциялық банктері "Мир" төлем картасын қабылдаудан бас тартқан.

АҚШ-тың қаржы министрлігі Ресейдің төлем жүйесіне қызмет көрсеткен үшінші елдерге де санкция салынатынын ескерткен. Осыдан кейін Түркия, Қазақстан және Вьетнам елдерінің бірқатар коммерциялық банктері "Мир" төлем картасын қабылдауды тоқтатқан.