Жамбыл облысында Қырғызстанмен шекарада кісіні жарақаттағаны үшін іздеуде жүрген азамат шекараны заңсыз кесіп өтпек болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
2020 жылғы 24 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті шекарашылары пилотсыз ұшу аппаратын қолданып, ерікті жасақтың көмегімен мемлекеттік шекараны бұзған адамды тауып, ұстады.
Мән-жайды анықтау барысында аталмыш Қырғыз Республикасының азаматын кісі денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін ішкі істер органдары іздеп жатқаны белгілі болды.
Қазіргі кезде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.