© facebook/gknb.official
Қырғызстанның Қара-Суй ауданына қарасты Тельман ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында Қырғызстан мен Өзбекстанды жалғайтын жалпы ұзындығы 270 метр жерасты туннелі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздігі комитетіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, туннель 15 метр тереңдікте қазылған, кіреберістің өлшемдері - 1,8 метр. Кіреберістен шекара сызығына дейінгі қашықтық - 40 метр.
"Жоғарыда аталған туннель табылған учаскенің иесі қазіргі уақытта Жалал-Абад облысының Қызыл-Жар психиатриялық ауруханасында жатқанына байланысты есі дұрыстығына сараптама жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта қару-жарақ пен қылмыс объектілері тәркіленіп жатыр", - делінген ведомствоның Facebook-тегі жазбасында.