22 сәу, 2020 сағат 11:03

Қылмыстық қудалаудан бой тасалағандардың 60 пайызы өз еріктерімен келді - агенттік

2020 жылдың 1-тоқсанында қылмыстық қудалаудан бой тасалап жүрген қазақстандықтардың 60 пайызы өз еріктерімен құқық қорғау органдарына келді.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Жұмысымыздың басты бағыттарының бірі - қылмыстық қудалаудан жалтарып жүрген азаматтарды іздеу. Бұл бағыт жетілдіріліп жатыр және өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Осы жылдың 1-тоқсанында ғана өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 5 есе көп қылмыскер іздестіріліп ұсталды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, қылмыстық қудалаудан жалтарып жүрген адамдардың жақын туыстарымен және достарымен әңгімелестіру түріндегі іздестіру әдісі тиімділігін көрсетіп отыр. 

«Иландыру, сендіру әдісінің арқасында осы жылы іздеуде жүргендердің жалпы санының 60 пайызы өз еріктерімен келді», - деді Нұрлан Жақсымбетов.