Екі жаңа зерттеу коронавирустың бір түрі британдық штамм инфекцияның ауырлығын арттырмайды дейді. Бірақ ол SARS-CoV-2 басқа түрлеріне қарағанда жақсы таралады. Зерттеу сипаттамалары жазылған мақалалар The Lancet Infectouse Diseases және The Lancet Public Health журналдарында жарияланды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Осы алуан түрліліктің алғашқы зерттеулеріне сәйкес, B.1.1.7 тез таралу мүмкіндігінен бөлек өлім жағдайларының жоғары болуымен де ерекшеленуі мүмкін. Мамандар британдық штамды жұқтырудың себеп-салдарын зерттеуді оның шынымен өлімге әкелетінін я болмаса әкелмейтінін түсіну үшін жалғастыруда. Сонымен қатар вирустың басқа түрлеріне қарсы жасалған SARS-CoV-2 вакциналары бұл штамнан қорғай ма, жоқ па, соны анықтайды.
Алғашқы зерттеудің авторлары 2020 жылдың қараша айының басы мен желтоқсанның аяғы аралығында екі қалалық клиникаға түскен Лондон тұрғындарын бақылады. Ол кезде вакцинация жаңадан басталып жатқан болатын британдық штамм туралы да ештеңе белгілі болмаған еді. Ғалымдар пациенттердің жағындыларынан алынған вирустық бөлшектердің саны мен құрамын, сондай-ақ олар жұқтырған инфекцияның белгілерін талдады. Зерттеушілерге барлығы 341 лондондықтың деректері түсті.
Екінші зерттеу көптеген адамды, атап айтқанда, COVID Symptom Study қосымшасын 2020 жылдың қыркүйек айының соңынан желтоқсанның аяғына дейін қолданған 37 мыңға жуық адамды қамтыды. Коронавирусты жұқтырған науқастарға дәрігерге инфекцияның белгілері туралы айту үшін осы қосымшаны орнатуды ұсынды. Әр пациенттің өзін қалай сезінгені туралы мәліметтерден басқа, қосымша ол болған жер туралы да жеткізді.
Англия, Шотландия немесе Уэльстің белгілі бір аймағында британдық штаммы бар инфекция жұқтырған пациенттердің саны көбейген кезде, осы аймақтағы COVID-19-дың ауыр түрлеріне шалдыққандар саны көбейген жоқ, көбінесе тәуелсіз заңдылыққа сәйкес өзгерді. B. 1.1.7 түрін жұқтырған пациенттерінің саны мен қайта ауруға шалдығу деңгейі арасында айтарлықтай байланыс болған жоқ.
Алайда ғалымдар бір байланысты байқаған: репродукция индексі, яғни ғалымдардың белгілі бір вирустың таралу жылдамдығын бағалайтын индикаторы - британдық штаммда «стандартты» коронавирустың көрсеткішінен 1,35 есе жоғары болып шықты.
Осының бәріне қарамастан, ғалымдардың айтуы бойынша, қолданыстағы емдеудің көмегімен В.1.1.7 репродукция индексін төмендетуге болады. Сонымен қатар, соңғы зерттеулерге сәйкес, қазіргі уақытта белгілі барлық вакцина оған қарсы әрекет етеді.