19 ақп, 2020 сағат 07:26

Құтқарушылар Алматы тұрғындарына «Шымбұлаққа» бару қауіпті екенін ескертті

Құтқарушылар Алматы тұрғындарына «Шымбұлаққа» бару қауіпті екенін ескертті. Бұл аймақта қазір тау басындағы қарды түсіру жұмыстары жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылдың 19 ақпанында «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қар массасын түсіруді жоспарлап отыр. Төтенше жағдайларды болдырмау үшін департамент алматылықтар мен қала қонақтарына тауға шықпауға кеғес береді», - делінген хабарламада.

Құтқарушылар курорт әкімшілігінен жолдардың ашықтығы туралы ақпаратты нақтылау керектігін айтты.