31 нау, 2022 сағат 18:58

Құрылысшылар қауымдастығы тұрғын үй бағасының өсуі туралы пікір білдірді


Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының төрағасы Виктор Микрюков тұрғын үй бағасының өсу үрдісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көптеген адамдар тұрғын үй бағасы төмендейді деп айтып жүр. 2020 жылдан бастап біз бағаның тұрақты түрде өскенін көріп отырмыз. Бұл трендтер әртүрлі бағыттарға ықпал етеді. Осындай негізгі трендтердің бірі – құрылыс материалдарының бағасы. Екіншісі, мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің шешімі. Шартты түрде, елорда мен Алматы әкімдігі құрылыс көлемін төмендетуді ұйғарса, ол бірден бағаға әсер етеді. Үй салушылар шығындарды бағаны арттыру арқылы өтейді. Бұл логикалық механизм. Құрылыс саласындағы баға белгілеу мен реттеу тәсілдері неғұрлым жұмсақ болуы тиіс және бизнес пен мемлекет коллаборациясында талқылануы қажет», - деп түсіндірді Виктор Микрюков елордада өткен конференцияда. 

Бұған дейін Виктор Микрюков ипотекалық кредиттеу нарығындағы жағдай туралы айтып берген еді. 

Спикердің айтуынша, ипотекалық бағдарламалардың жабылуына байланысты нарықта сатылымның төмендеуі байқалады.