01 нау, 2022 сағат 16:05

Күрішбаев: "Олигархтардың экономикасы құлдырап жатқанын түсінуіміз қажет"


ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев билік партиясы атауының «Аманат» болып өзгеруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін партияның атауы ғана өзгерген жоқ, ең бастысы, оның мәні мен жұмысының мазмұны да өзгермек. Әйтпесе, басқаша болмайды! Біз елімізде жүйелі саяси трансформация жүріп жатқанын, олигархтардың экономикасы құлдырап жатқанын түсінуіміз қажет. Ең бастысы, біз халықтың өзі мемлекеттік биліктің қайнар көзіне айналатын әділ демократиялық қоғам құруға бет аламыз

Бұл жағдайда биліктегі партия қалайша өзгеріссіз қалмақ?! "Аманат" деген атаудың өзі - ата-бабалар мұрасын сақтап, оның құндылықтарын орындау дегенді ғана білдірмейді, халықтың үмітін ақтап, мүддесін қызғыштай қорғайды. Сондықтан, ең алдымен, бұл жаңарған партия халықтың сенімін қайтара алуы тиіс.

Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев айтқандай: «Партияның ребрендингі – бұл оның атауын өзгертіп, маңдайшасын ауыстыру ғана емес. Бірінші кезекте - барлық партия ісін қайта құру», - деді сенатор.