25 нау, 2020 сағат 07:54

Курил аралдарында қуатты жер сілкінісі болды

Ресей аумағындағы солтүстік Курилде 7,8 магнитудалы күшті жер сілкінісі болды. Содан кейін аймаққа цунами қаупі төнді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы РҒА бірыңғай геофизикалық қызметінің Сахалин филиалы мәлім етті. 

«Солтүстік Курил жерінде қуатты жер сілкінісінен кейін цунами болатыны жөнінде дабыл қағылды», - деп хабарлады ведомство өкілі.