07 там, 2017 сағат 17:31

Күрестен Еуропа чемпионын өлтіргендердің видеосы пайда болды

Күрестен Еуропа чемпионы 20 жастағы Юрий Власконы белгісіздердің Байкал жағалауында Горячинск ауылының маңында өлтірген сәті видеоға түсіп қалды. Видео YouTube желісіндегі "Издательский дом "Информ Полис" каналында жарияланды. 

Видеода қаскөйлердің спортшының басынан бірнеше мәрте соққы жасағаны түсірілген. Басында Власько тойтарыс беріп, орнынан тұрайын дейді, алайда сұлап түседі. 

29 шілдеде Власко демалып жүрген бір топ жігітпен жанжалдасқан. Төбелес шығып, спортшы кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған және басына кем дегенде жеті рет соққы тиген. Соның салдарынан ол қайтыс болды. Адам өлтіргендердің кім екені анықталды, олар қамауға алынды. 

20 жастағы Власко халықаралық спорт шебері болған, ол 96 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен. Жастар арасында екі рет Еуропа чемпионы атанды. Ресейлік және халықаралық жарыстарда талай мәрте жеңімпаз атанған. 


kaz.tengrinews.kz