28 ақп, 2020 сағат 10:37

Құны 30 млн теңгелік бекіре балығын сатпақ болған полицей ұсталды

Маңғыстау облысында құны 30 млн теңгелік бекіре балығын сатпақ болған полицей ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның дерегінше, Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірлік полиция департаментінің қызметкерін ұстады.

Ол қызмет бабын пайдаланып, жалпы құны 30 миллион теңгелік салмағы 111 келі болатын құрып кету қаупі бар «бекіре» тұқымдас балықты заңсыз тасымалдаумен және сатумен айналысқан.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкері өз кінәсін мойындады», - деді Қайсар Баржақсынов.