24 мау, 2022 сағат 17:02

Күнбағыс майы бір жылда шамамен 20 процентке қымбаттады


2022 жылдың қаңтар-мамыр аралығында 197,3 мың тонна күнбағыс майы өндірілген. Бұл былтырғыдан 29,6% көп. Ал тазартылмаған күнбағыс майының өндірісі бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 61,3% артық болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тазартылмай сатылатын күнбағыс майының 78%-і Шығыс Қазақстан өңіріне тиесілі. Ал тазартылған күнбағыс майының 22,6 мың тоннасы Шымкентте шығарылған ", – деп жазады Еnergyprom.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігі 31 тамызға дейін күнбағыс майын Қазақстан аумағынан шығаруға шектеу қойды. Сол арқылы сектордағы бағаны тұрақтандырып, тапшылықтың алдын алу жоспарланған. Маусым-шілде айларында күнбағыс майын шығару квотасы 68 мың тонна болып бекітілді.

Отандық өндірушілер 2022 жылдың ақпан-сәуір айларында күнбағысқа деген сұранысты 83,5%-ке орындаған. Өндіріс көлемі былтырғыдан 16,9%-ке артық. Өндірілген 149,1 мың тонна майдың 66,3 мың тоннасы сыртқа сатылған. Бұл былтырғыдан 71,3% көп.

Нәтижесінде ішкі нарықта 112,2 мың тонна күнбағыс майы сатылды, бұл 2021 жылғы қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 0,6%-ке ғана артық. Қант нарығындағы жағдаймен салыстырғанда әзірге елде күнбағыс майына қатысты даулы мәселе туындаған жоқ. Елде күнбағыс майының бағасы қатарынан 27 ай бойы өсу динамикасынан ауытқымай артып келеді.

Мамыр айының қорытындысы бойынша май бір айда 0,8%-ке және бір жылда 19,4%-ке қымбаттады. Сонымен қатар 2021 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша жылдық бағаның өсуі қазірдің өзінде өте пессимистік 52,2% құрады.

Өңірлер арасында бір жыл ішінде сектордағы ең үлкен өсім бір айда:

  • Жамбыл (3,6%) облысында;
  • Қарағанды (2,2%) облысында;
  • Ақтөбе (1,9%) облысында;
  • Алматы (26,4%) қаласы;
  • Павлодар (26,2%) облысы;
  • Жамбыл (26,1%) облысында тіркелді.

Биыл мамыр айында қалаларда күнбағыс майының орташа бағасы литр үшін 808 теңгені құрады.

Күнбағыс майына жоғары баға Атырау (859 тг\л), Алматы (850 тг\л) және Актауда (841 тг\л) тіркелді. Ал ең төмен баға – Семей (714 тг\л), Петропавл (728 тг\л) және Өскеменде (737 тг\л).