29 мау, 2022 сағат 18:21

Құмар Ақсақалов ауыл әкімінің ұсталғанын растады

© Sputnik / Владислав Воднев

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Есіл ауданында ауыл әкімінің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Иә, оны бір күн бұрын ұстады. Қазір жауап алынып жатыр. Тергеумен келісім жасады. Соған қарағанда кінәсін мойындап отыр. Демек барлық шара жылдам атқарылады. Ол кісі заң алдында жауап береді ", - деді Ақсақалов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы орайда облыс басшысы ұсталған әкімнің қандай жолмен қызметке тағайындалғанын есіне түсіре алмады.

"Егер оны тағайындаса, онда аудан әкімі отставкаға беруі керек", - деп атап өтті Ақсақалов.

Айта кетері, бүгінде ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі жұмыс істейді. Ондайда халық өзі таңдау жасайды.